Төркініме келдім кеше қыдырып
Біраз тұрдым кіруге сəл кідіріп
Тұруыма себеп болған құбылыс
Анам жүр ғой есік алдын сыпырып
Көріп мұны мен расында таңдандым
Қолғабыс қып кеше келін алған кім?
Ашу келді тұрып -тұрып сол жерде
Ақ келіні оянбапты анамның
Шықты əне күйеу болған баласы
Ұйқылары қанбаған гой шамасы
1аптада болмады ғой үйленіп
өзі сондай əйел жанды қарашы
Оятасаңшы деді анам келінді
маубас келін деген атқа ілінді
Керіліп тұрған баласынан кетті рең
Осы аты бұзама деп сынымды
Ісі жоғау сірə келіннің тынымды
əбден бұлар шығарды ғой жынымды
уй жанында əлі жатыр қоқыстар
Бетін ашқан күні үйген мұнымды
Ары қарай сөйлемеді сорлы анам
Ене болды енді соры қайнаған
Əйел үшін анасына "əй"дейтін
Еркектердің бəрі бірдей оңбаған
Өзі үйінде бөтен болған ананың
Маңдайдағы əжіміне қарадым
Балалығым 1сəт түсіп есіме
Ақ шаштарын жылап тұрып санадым
Қарап тұрмын əлі уйге сығалап
Анам осы жуастыққа құмар ақ
Шəй дайындап кетті енді келінге
Жатыр білем өзін өзі кінəлəп
Іш-ішінен білем анам жылайды
Терезеге қарап біраз мұңайды
Біздер үшін бар өмірін арнаған
Анам енді кімнен жылу сұрайды
Шығарғым кеп келініммен ұрысты
Ашу ыза тұла бойда тұр ішкі
Анам білем қатты ренжид(і)бұл үшін
Сондықтанда ақыл қойга кірісті
Өз үйіме барып тұрып кірмедім
Ыңғайсыз ғой қазір менің кіргенім
Арт жағыма бұрылдымда жүгірдім
Қайда барып жатқанымды білмедім
Аялдама жаққа барып тоқтадым
Қалай ғана ұмытамын жоқ бəрін
Күндіз мектеп,түнде тігіс тігетін
Анашымнын жастық шағын жоқтадым
Алып келгем шəй ішсін деп тəттілер
Анашымның жақсылығын жат білер
Оянды ау деп екеуі уйдегі
Уйге қайттым маңдайымнан ақты тер
Анам шықты жас баладай жалтақтап
Келін келді ас үйінен балпақтап
Білмегенсіп хəл сұрастым бəрімен
Інім отыр келіншегін қолпаштап
Куйіп-куйіп тамағымнан өтті шəй
жиналдым ғой қайытуға уйге жай
Ұрыссада ,сыйласада жақпайтын
Ене болу қиын қандай шіркін ай
Енемді көрдім дағы жыладым
Құшақтап ап кешірімін сұрадым
Тусінбестен аң таң болып тұр маған
Қоюға да ынғай таппай сұрағын
Кешегіден өзім қатты өзгердім
Жер дөңгелек мұны алдын сезгенмін
Ене емес ана маған енді енем
қарсы сөйлеу ісіненде безгенмін
Келіндерге ақыл берші бір Алла
Алда қарттық күтіп отыр абайла
Не істесең сол алдыңа келеді
Ене болу жолы саған тұр алда!!!!
😓